Бүгiн 2026, 10:37 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Қазақстанда жол жөндеу қарқыны басым: Биыл мыңдаған шақырым жол жаңарады

Биыл жалпы ұзындығы 3,7 мың шақырым болатын жол учаскелері жаңартылады. Бұл жұмыстар 124 нысанда қолға алынған.

2026 жылы күрделі жөндеу аясында жалпы 321 шақырым жол қамтылған. Қазір республика бойынша 25 нысанда жұмыс жүріп жатыр. Оның 19-ы былтырдан бері жалғасып келе жатқан жобалар болса, 6 учаскеде құрылыс биыл басталған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ҚР Көлік министрлігінің мәліметінше, биыл жол саласында бұрынғыдай тек асфальт төсеп қана қоймай, жолдың негізінен бастап үстіңгі қабатына дейінгі барлық конструктивті қабаттарды сапалы төсеуге басымдық беріліп отыр. Министрлік мұны болашақта жолдың тез бұзылып кетпеуі үшін жасалып жатқан маңызды қадам деп түсіндіреді.

Жолшылар бүгінде негізінен жол жамылғысының қабаттарын төсеумен айналысып жатыр.

Маусым басталғалы 231 шақырымда жол негізінің төменгі қабаты, 190 шақырымда жоғарғы қабаты, 230 шақырымда жабынның төменгі бөлігі, 78 шақырымда жоғарғы асфальт қабаты төселуде, - деп хабарлайды Ведомство.

Тек күрделі жөндеу ғана емес, орташа жөндеу жұмыстары да кең көлемде жүргізіліп жатыр.

Биыл жалпы ұзындығы 3,7 мың шақырым болатын жол учаскелері жаңартылады. Бұл жұмыстар 124 нысанда қолға алынған. Оның ішінде 69 жоба – өтпелі, ал 55-і жаңадан басталған, - дейді министрлік.

Соңғы жылдары жол сапасына қатысты сын көп айтылып жүргені белгілі.

Министрліктің мәліметінше, биыл құрылыс кезінде технологиялық талаптарды қатаң сақтау мен материал сапасына ерекше мән беріліп отыр.