9 Қазан 2026, 18:15 Фото: depositphotos.com

Қазақстанда 16-24 жас аралығындағы қызметкерлердің жалақысы өсті

Қазақстанда жалақының бөліну көрсеткіштерінде оң өзгерістер байқалады.

2026 жылы қызметкерлерді жалақы деңгейлері бойынша бөлуде оң динамика байқалды. Жалақысы жоғары аралықтардағы қызметкерлердің үлесі 4,8 пайыздық тармаққа өсті, ал жалақысы төмен аралықтардағы қызметкерлердің үлесі қысқарды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2026 жылы қызметкерлер санының ең жоғары өсімі 16-24 жас аралығындағы жастар арасында тіркелді. Өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш 10,9%-ға өсіп, қарастырылған жас топтары арасында ең жоғары өсім көрсетті.

Білім деңгейі бойынша қызметкерлер санының ең елеулі өсімі жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар адамдар арасында тіркелді. Бұл көрсеткіш 19,4%-ға өсті. Орта білімі бар қызметкерлер саны 7,4%-ға, жоғары білімі бар қызметкерлер саны 5,2%-ға артты.

2026 жылы жалақысы жоғары аралықтарға жататын қызметкерлердің үлесі артты. Сонымен қатар жалақысы төмен аралықтардағы қызметкерлердің үлесі қысқарды.