18 Сәуір 2023 2023, 01:32 Фото: basnews.kz

Қазақстанда жеңіл көліктердің саны көбейді

2023 жылғы ақпандағы есеп бойынша 157,9 мың автокөлік есепке алынған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2023 жылғы ақпандағы есеп бойынша 157,9 мың автокөлік есепке алынған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 74,5% артық, оның ішінде жеңіл автомобильдер - 72,3%, жүк автомобильдері - 2 есе, автобустар - 2,5 есе артты.

Ұлттық статбюроның 1 наурыздағы мәліметінше, Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны - 4 584,5 мың.

Оның ішінде 88% – жеңіл автомобильдер, 9,9% – жүк автомобильдері және 2,1% – автобустар.

2023 жылғы ақпанда 1 715 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 2466 адам зардап шеккен.

Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда зардап шеккендер саны 8,4%-ға азайды.