Қазақстанда "Жасанды интеллект туралы" заң жобасы әзірленді

Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев жасанды интеллект әлеуетін қауіпсіз, жауапты және әдепті пайдалануға бағытталған реттеуші ортаның жобасын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Цифрлық министрлік Мәжіліс депутаттарымен бірлесіп, озық әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, "Жасанды интеллект туралы" заң жобасын әзірледі.

Заң жобасы этикалық нормаларды қабылдауды, мемлекеттік реттеуді, ЖИ-объектілері жұмыс істеуінің құқықтық режимін, ЖИ-объектілеріні жіктеуді, ЖИ саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары мен стандарттауды көздейді, - деп айтты Мәдиев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы