Қазақстанда жаңа салық салдарынан тұрғын үй қымбаттай ма?

Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Комитет төрағасы мемлекеттік бағдарламалар аясында бір шаршы метрдің бағасы тек теңгемен есептелетінін және валюта бағамының ауытқуына тәуелді емес екенін атады.

Әлеуметтік тұрғын үйдің бағасы бекітілген сметалық нормативтерге байланысты белгіленеді және нарықтық реттеуге жатпайды. Құны бір жылға белгіленіп, қосылған құн салығын есепке алмағанда, құрылысқа кеткен өзіндік құн негізінде есептеледі, - деді Жүнісбеков Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.

Ол қосымша шаршы метрге салық енгізу ықтималдығы коммерциялық тұрғын үйге елеусіз әсер ететінін айтты. Ал әлеуметтік тұрғын үйдің құны тек бір жылдан кейін немесе бір жарым жылдан кейін ғана өзгеруі мүмкін екенін жеткізді.

Сондай-ақ Жүнісбеков қазіргі салық тетіктері құрылыс материалдарының бағасының қалыптасуына айтарлықтай әсер етпейтінін атап өтті.

Еске салсақ, құрылыс компанияларына жаңа салық салынатынын жаздық. Қосымша құн салығы пәтер сатып алуға қалай әсер ететінін экономист Айбар Олжай айтып берді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы