Қазақстанда жаңа мерекелер пайда болды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Кәсіби мерекелердің тізбесін бекіту туралы" бұйрыққа өзгерістер енгізуді мақұлдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құжатқа сәйкес, Қазақстанда жаңа мерекелер пайда болды:

  • Қаржылық мониторинг органдары күні – 28 қаңтар;
  • Теңіз және өзен көлігі қызметкерлерінің күні – шілденің бірінші жексенбісі;
  • Теміржол көлігі қызметкерлері күні – тамыздың бірінші жексенбісі;
  • Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика саласы қызметкерлері күні – қыркүйектің екінші жексенбісі;
  • Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күні – 2 қазан;
  • Автомобиль көлігі қызметкерлері күні – қазан айының соңғы жексенбісі;
  • Автожол саласы қызметкерлерінің күні – қазан айының соңғы жексенбісі;
  • Бухгалтерлік есеп және аудит саласы қызметкерлері күні - 10 қараша;
  • Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері күні – 13 желтоқсан.

Сонымен қатар аталған мерекелер Үкіметтің 2024 жылғы 16 тамыздағы №668 қаулысымен бекітілгеніне байланысты Ұлттық баспасөз күні мен Радио күні аталған тізімнен алып тасталды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: pixabay.com
Өзгелердің жаңалығы