Бүгiн 2026, 13:38 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Қазақстанда жаңа мерекеге орай қосымша демалыс берілуі мүмкін

Қосымша демалыс мәселесін Үкімет қарастырады.

Қазақстандықтарға наурыз айында тағы бір мереке күні қосылуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Үкіметте өткен брифинг барысында журналистер Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай мәлімдеді.

Журналистер вице-министрден жаңа Конституция күнін ұлттық мереке ретінде бекітіп, қазақстандықтарға қатарынан екі күн демалыс беру жоспарда бар-жоғын сұрады.

Айуынша, Еңбек министрлігі бұл бастаманы қарастыруы мүмкін.

Конституция қабылданғаннан кейін мереке 30 тамыздан 15 наурызға ауыстырылды. Сондықтан бұл күннің мереке күні әрі ресми демалыс болатыны сөзсіз, – деді Виктория Шегай.

Ал Конституция күніне байланысты екі күн демалыс беру мәселесіне қатысты вице-министр бұл сұрақты қарастыруға болатынын айтты.

Менің ойымша, бұл мәселе Үкімет деңгейінде қаралатын болады. Қазір бұл сұраққа нақты жауап беруге дайын емеспіз, – деді ол.