14 Қазан 2026, 13:17 Фото: gov.kz

Қазақстанда жаңа мемлекеттік наградалар беріледі: Заң қабылданды

Құрылтай депутаттардың бастамасымен әзірленген «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдап, үшінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Түзетулер Мемлекет басшысының Құрылтайдың бірінші шақырылымының бірінші сессиясының ашылуында мәдениет және өнер саласындағы мемлекеттік наградалар туралы заңнаманы жетілдіру жөнінде берген тапсырмасын орындау мақсатында әзірленді.

Заңда отандық музыка өнері мен ән шығармашылығын дамытудағы жемісті қызметі және ерекше еңбегі үшін азаматтарды марапаттауға арналған «Шәмші Қалдаяқов» медалін тағайындау қарастырылған.

Сонымен қатар, бейнелеу өнеріндегі үздік туындыларымен ерекшеленген және отандық көркем мәдениетті дамытуға ерекше еңбек сіңірген қайраткерлер үшін «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» құрметті атағы енгізіледі.