+18

Қазақстанда жаңа eGov іске қосылады. Министр ескіден ерекше болатынын айтты

Елімізде алдағы уақытта жаңа eGov платформасы жұмысын бастайды. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев жаңа платформаның ескіден несімен ерекшеленетінін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ведомство басшысының сөзінше, платформа AI ассистент көмегімен жұмыс істейді.

Жаңа eGov платформасы заманауи технологиялар негізінде, жаңа архитектуралық шешімдер арқылы әзірленеді. AI функциялары іске қосылады. Қазір оны тестілеуден өткізіп жатырмыз. Портал визуалды түрде жаңартылады. Мүгедектігі бар адамдар үшін портал ыңғайлы болады, – деп түсіндірді Мәдиев.

Алайда министр жаңа платформаның мінсіз жұмыс істейтініне еш кепілдік бере алмады.

Мұндайды ешкім болжай алмайды. Өйткені портал болған соң, техникалық ақаулар болуы орынды, - деді ол.

Министрлік жаңа порталды осы жылы іске қосуды жоспардап отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы