Қазақстанда зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу шектері ұлғаюы мүмкін

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов зейнетақы активтерін мерзімінен бұрын алуға қойылатын шектерді арттыру мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, бұл зейнетақы төлемдерінің лайықты деңгейін қамтамасыз ету үшін қажет.

Сүлейменовтің сөзінше, қазіргі таңда Қазақстанның зейнетақы активтері 12 пайызға өсіп, 25,1 трлн теңгеге жетті. Ал осы кезеңдегі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) инвестициялық кірісі 1,8 трлн теңгеге тең.

Ұлттық қордағыдай тәсілді негізге ала отырып, ұзақ мерзімді табыстылықты арттыру үшін акциялар мен баламалы құралдар секілді жоғары табысты активтер класының үлесін көбейтуді жоспарлап отырмыз, – деді Ұлттық банк төрағасы.

Оның айтуынша, зейнетақы төлемдерінің жеткілікті деңгейін қамтамасыз ету үшін алмастыру коэффициентін арттыру қажет.

Бұл зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алуға қойылатын талаптарды қатаңдатуды талап етеді, – деп атап өтті Тимур Сүлейменов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы