Қазақстанда зергерлік бұйымдарды цифрлық таңбалау бойынша пилоттық жоба іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тұтынушыларды контрафактілік өнімнен қорғау және «ашық» зергерлік нарық құру үшін асыл тастар мен бағалы металдардан жасалған зергерлік бұйымдарды цифрлық таңбалау жөніндегі пилоттық жоба іске қосылды.
Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.
Пилоттық жобаға тауар өндірушілер, импорттаушылар, көтерме және бөлшек сауда өкілдері, ломбардтар қатыса алады. Жобаға қатыса отырып, бизнес-қауымдастық өкілдері таңбалаудың ақпараттық жүйесінің қызметін тегін тексеру, таңбалау процесін ағымдағы өндірістік процестерге интеграциялауды пысықтау, сондай-ақ таңбалау кодтарын енгізудің түрлі тәсілдерін сынақтан өткізу мүмкіндігіне ие болады.
Таңбалау отандық зергерлік бизнесті қорғауға бағытталған. Аталған шаралар контрафактілік өнім тасымалына тосқауыл болады. Пилоттық жобаға қатысу үшін өтінімді yerlan.nurmaganbetov@digitaleconomy.kz поштасына жіберу қажет немесе +7 (708) 425-10-83 нөміріне қоңырау шалуға болады. Сондай-ақ сандық таңбалау бойынша 8 (800) 080-65-65 тегін жедел желі жұмыс істейді.