Қазақстанда уран кен орындарының бір бөлігі уақытша игерілмейді
Қазақстанда уран кен орындарының бір бөлігі уақытша игерілмейді
Атом энергиясы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, Қазақстанда уранның көпдеңгейлі мемлекеттік стратегиялық қорын құру жоспарланып отыр. Бұл туралы ол Антальяда өткен «Әлемдік атом күндері – 2026» форумында мәлімдеді.
Жиналған уран қоры тек елдің ішкі қажеттілігіне, яғни Қазақстанда салынатын атом электр станцияларын қамтамасыз етуге пайдаланылмақ.
Кен орындарының бір бөлігі болашақ ұрпақ үшін сақталып, резервке қойылады. Яғни жақын арада олар пайдаланылмайды және игерілмейді. Өндірілген уран өнімінің бір бөлігі қоймада сақталады. Сонымен қатар әрбір атом электр станциясында оны кейінгі пайдалану кезеңіне жеткілікті көлемде жылу бөлетін жинақтар қоры қалыптастырылады, – деді Алмасадам Сәтқалиев.
Оның сөзінше, Қазақстан өзіне қажетті ядролық отын қорын қалыптастыруда елімізде Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) қамқорлығымен жұмыс істейтін Төмен байытылған уранның халықаралық банкінің тәжірибесін пайдалана алады.