Қазақстанда ҰҚШҰ Ұжымдық жедел ден қою күштерінің оқу-жаттығулары өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Ұжымдық жедел ден қою күштерінің оқу-жаттығулары өтеді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Біріккен штабының бастығы генерал-полковник Анатолий Сидоров брифинг өткізді. Бейнеконференция байланысы режимінде ұйымдастырылған брифингіде ҰҚШҰ-ға мүше елдер қорғаныс ведомстволарының өкілдері қатысты.

Брифинг барысында 2021 жылғы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының қызметі қорытындыланды. Бірлескен іс-шараларда ҰҚШҰ жауапты аймақтарда дағдарыстық жағдайларға ден қою тетіктерін жетілдіруде де, оларды шешуге Ұйымның әскерлерін (ұжымдық күштерін) қолдануда да өте ауқымды міндеттер пысықталғаны атап өтілді. Одан өзге ұлттық контингенттердің ұжымдық қауіпсіздікке төнетін сын-тегеуріндерді бейтараптандыру тапсырмаларын бірлесіп орындау дайындығы да көрсетілді. Мәлім етілгендей, 2022 жылға арналған Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жоспарында бірлесіп өтуге тиісті бірқатар шара бар.

Оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында барлау күштері және құралдарының «Іздеу-2022» арнайы оқу-жаттығуын, «Эшелон-2022» материалдық-техникалық қамтамасыз ету күштері және құралдары арасындағы арнайы оқу-жаттығуын, Ұжымдық қауіпсіздіктің Орталық Азия өңіріндегі дағдарыстық жағдайды реттеу тапсырмаларын пысықтайтын ҰҚШҰ ұжымдық жедел ден қою күштері арасындағы «Өзара іс-қимыл-2022» командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу жоспарлануда, - делінген ведомство хабарламасында.

Брифинг барысында ҰҚШҰ форматындағы әскери ынтымақтастықтың айрықша қорғаныс сипаты атап өтілген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы