Қазақстанда ұлттық Wi-Fi операторы құрылады
Қазақстанда ұлттық Wi-Fi операторы құрылады. Бұл туралы Үкімет отырысында «Freedom Telecom Operations» компаниясының бас директоры Қайрат Ахметов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Айтуынша, жоба аясында әлеуметтік маңызы бар нысандарда сымсыз интернет желісі орнатылады.
Қолжетімді Wi-Fi нүктелері шекара бекеттерінде, әуежайларда, теміржол және автовокзалдарда, сондай-ақ мектептер мен медициналық мекемелерде пайда болады. Құрылып жатқан инфрақұрылым жасанды интеллектке негізделген цифрлық сервистер мен шешімдерді дамытуға мүмкіндік береді. Бұл – Қазақстанның AI экономикасын қалыптастыру бағытын қолдайтын маңызды қадам, – деді «Freedom Telecom Operations» компаниясының бас директоры Қайрат Ахметов.
Белгілі болғандай, жобаның алғашқы кезеңінде 10 қаладағы 400 нүкте қамтылады.
2026 жылға қарай желіні 10 мың, ал 2027 жылға дейін 20 мың 2027 жылға дейін біз 2 000 станция орнатып, жүздеген мың үй мен кәсіпорынды қамтитын ауқымды байланыс желісін құруды жоспарлап отырмыз. Биылғы қазан айында жоба Шымкент пен Ақтауда іске қосылады, кейін Астана, Алматы және бірқатар облыс орталықтарында жалғасады. Бұл өңірлерді секундына 1 Гбит-ке дейінгі жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам болмақ. қолжетімді нүктеге дейін кеңейту жоспарланып отыр, - деп түсіндірді компания басшысы.