Қазақстанда туристер саны айтарлықтай артты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанға апта сайын кемінде 11 мың шетелдік турист келеді.
Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша орналастыру орындары қызмет көрсеткен отандық туристер саны 21,5% (1,13 млн адамға дейін) өсті.
Орналастыру нысандары 26,3 млрд теңгеге қызмет көрсетті, бұл 2021 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 25,7% артық, - дейді ведомство.
Ведомствоның мәліметінше, Щучинск-Бурабай курорттық аймағына 550 мың адам келген. Бұл көрсеткіш былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 2 есеге жуық көп. Жазғы маусымда Шымбұлаққа 240 мыңға жуық адам келді. Бұл өткен жазғы маусыммен салыстырғанда 90 мыңға жуық адамға артық.
Биыл ұлттық саябақтарға 2 миллионға жуық адам келеді деп болжанып отыр.
Дүниежүзілік экономикалық форумның 2021 жылғы әлемдік туристік рейтингінде Қазақстан позициясын жақсартып, 117 елдің арасында 66-орынға ие болды (2019 жылы – 140 елдің ішінде 80-орын).
Еліміз «Баға бәсекесіне қабілеттігі» (1-орын), «Туризм маусымдылығы» (26-орын), «Табиғи ресурстар» (33-орын), «ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мәдени мұра нысандарының саны» (42-орын) сияқты көрсеткіштер бойынша жоғары бағаланды.
2021 жылы Қазақстанда отандық туристердің рекордтық саны – 7 миллионға жуық адам болды.