Елімізде толық жетекті жедел жәрдем көліктері шығарылады
Жоба аясында JMC негізінде толық жетекті жедел жәрдем көліктері, сондай-ақ Volvo жүк көліктері мен ершікті тартқыштар өндіріледі.
«Астана Моторс» компаниялар тобы шығарылатын техника түрлерін кеңейтуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында компания төрағасы Нұрлан Смағұлов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның айтуынша, бүгінде кәсіпорында Hyundai маркалы жеңіл жүк көліктерінің толық желісі, Golden Dragon және BYD автобустары шығарылады. Биыл зауыт алғашқы 100 BYD автобусын өндіріп, пикап санатындағы автокөліктерді құрастыруды да іске қосты.
Алдағы уақытта JMC бренді негізінде жедел медициналық жәрдем көліктерін, сондай-ақ Volvo маркалы жүк көліктері мен ершікті тартқыштарды шығаруды жоспарлап отырмыз. Айта кету керек, жедел жәрдем көліктері толық жетек жүйесімен (4WD) жабдықталады. Бұл жол қатынасы қиын өңірлер үшін өте маңызды, – деді Нұрлан Смағұлов.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда биыл 190 мың автокөлік шығару жоспарланып отырғаны туралы жаздық.
- Семейдегі сауда орталығында әйелдің аяғы эскалаторға қысылып қалды 22:20
- Ақмарал Ерекешева Чехиядағы Гран-приде төрт жүлде жеңіп алды 21:48
- Атырауда «ALTYN ORDA» халықаралық садақ ату турнирі өтіп жатыр 21:11
- БРИКС, БАӘ және транзит: Қазақстан экономикалық мүмкіндіктерін қалай кеңейтуде 20:59
- БРИКС плюс: Қазақстан транзит пен инвестиция мүмкіндіктерін кеңейтуде – Сарапшы 20:58
- Жапонияда үкімет қайта жасақталады: Такаити қарсыластарын қызметінде қалдырмақ 20:55
- Қосшыда сауда үйінде жанжал шығарған ер адам 15 тәулікке қамалды 20:40