Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі өсті
Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі өскенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2022 жылы теңіз көлігімен тасымалданған жүк көлемі 1,1 млн тоннадан асқан. Осылайша өткен жылы теңіз көлігімен 1 193,7 мың тонна тасымалданды, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 46,8% артық.
Теңіз тасымалының жүк айналымы 2022 жылы 681,9 млн ткм құрады, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 23,3% артық. Өткен жылы теңіз көлігімен 89,2 мың адам тасымалданды, - деп жазды ведомстводан.
Еске сала кетейік, Қазақстанда 2022 жылы 282 теңіз кемесі тіркелген. Олардың ішінде баржалар, мұнай құю кемелері, құрғақ жүк тасымалдау, қамтамасыз ету кемелері және т.б. бар. Пайдалану мерзімі бойынша кемелердің 23% шыққан жылы 25 жылдан асқан, 22% 16-дан 20 жылға дейін, тағы 26,6% 11-ден 15 жылға дейін, теңіз көлігінің 9,9% шыққан жылы 5 жылдан аз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда жезөкшелікпен айналысқан топтың жетекшілері ұсталды
Өзгелердің жаңалығы