Қазақстанда теміржол желісінің 57%-ы тозған
Үкімет отырысында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев елімізде теміржол желісінің 57%-ы тозғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Теміржол желісінің жалпы пайдалану ұзындығы 16 мың шақырым. Тозу деңгейі - 57 пайыз, - деді министр.
Сауранбаевтың айтуынша, бұл пойыздардың қозғалыс жылдамдығы мен қауіпсіздігіне әсер етеді. Инфрақұрылым мүмкіндіктері толық шегінде жұмыс істеп тұр.
Осы проблемаларды шешу үшін 2029 жылға дейін 5 мың км жаңа жол құрылысы мен модернизация жүргізіліп,11 мың км жол жөнделіп жатыр, - деп айтты Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкіметте.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
"Этикет жоқ": Ақ үйге барған Макрон сынның астында қалды
Өзгелердің жаңалығы