Қазақстанда темекі шегетіндер азайып келеді
Қазақстанда халықтың темекі өнімдерін тұтынуы бойынша зерттеу жүргізілді.
Нәтижесінде тұрғындардың темекіні аз шеге бастағаны белгілі болды. Сауалнама Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және Қазақстанның барлық облыстарында өтті. Зерттеуге 15 жастан асқан азаматтар қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ ақпарат агенттігі ҚР Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Зерттелген үй шаруашылығы мүшелерінің жалпы санынан қазіргі уақытта халықтың 15,1%-ы темекі шегеді. Бұл 2025 жылмен (17,5%) салыстырғанда 2,4 пайыздық тармаққа аз. Ауылдық жерлерде темекі шегетіндердің үлесі 17,8%-ды, ал қалалық жерлерде 14,0%-ды құрады, - делінген сауалнама нәтижесінде.
Бюро графигінде көрсетілгендей, мәселен, 39-48 жас аралығындағы топта өткен жылы жалпы халық санының 22,7%-ы темекі шексе, биыл бұл көрсеткіш 20,7%-ды құраған. Ал 49-59 жас аралығындағы топта өткен жылы 23,7% көрсетілсе, осы жылы бұл көрсеткіш 21%-ға тең болды.
Сондай-ақ ерлер арасында халықтың 30,5%-ы, ал әйелдер арасында 4,9%-ы темекі шегетіні нақтыланады.
Шылым шегетіндер 98,6%-ы кәдімгі темекілерді тұтынса, электронды темекілерді 0,4%-ы пайдаланады. Темекіні қыздыру жүйелерін қолданатындар үлесі - 0,9%, ал темекі өнімдерінің басқа түрлерін тұтынатындар - 0,1%.
Еске салайық, бұған дейін Алматы базарларында сатылған арзан темекіден қауіпті хлор мөлшері табылды.
- Көркем гимнастикадан әлем чемпионаты: Ақмарал Ерекешева 6-орын алды 08:53
- Индонезия жағалауында 7,6 балдық жер сілкінісі болды 08:27
- Қазақстан Өзбекстанда өткен V халықаралық экологиялық Құрылтайға қатысты 08:08
- АҚШ-та бензин бағасы 4 доллардан асты: Трамп кешірім сұрамайтынын мәлімдеді 07:48
- Қазақстанда бір тәулікте орман қорында 10 өрт тіркелді 07:13
- Балалар стоматологиясындағы кезек мәселесі: Өңірлерге нақты тапсырма берілді 06:36
- Бельгияда ежелгі ғимаратты қайта жөндеу кезінде 9 млн еуроға жуық алтын табылды 05:24