7 Қараша 2026, 08:10 Фото: inbusiness.kz

Қазақстанда темекі бағасы жыл басынан бері 12,7 пайызға қымбаттады

Соңғы 12 айда темекі бағасының өсуі біркелкі болмаған. Ең жоғары өсім ақпан және тамыз айларында тіркелді.

Қазақстанда темекі өнімдерінің бағасы өсіп жатыр. Биыл қаңтар-қазан айлары аралығында темекі бағасы 12,7 пайызға қымбаттаған. Бұл туралы BAQ.KZ сайты Energyprom.kz деректеріне сілтеме жасап хабарлады.

Ұлттық статистика бюросының жедел мәліметтеріне сәйкес, соңғы жылдары Қазақстанда темекі өнімдерінің бағасы тұрақты түрде өсіп келеді. Жекелеген кезеңдерде жылдық қымбаттау деңгейі 19 пайызға дейін жеткен.

Соңғы 12 айда темекі бағасының өсуі біркелкі болмаған. Ең жоғары өсім ақпан және тамыз айларында тіркелді.

Атап айтқанда, ақпанда темекі бағасы алдыңғы аймен салыстырғанда 4,7 пайызға, ал тамызда 3,3 пайызға өскен.

Қалған айларда баға өзгерісі салыстырмалы түрде төмен болғанымен, жыл бойғы біртіндеп қымбаттау нәтижесінде темекі өнімдерінің жалпы құны айтарлықтай артқан.

Осылайша, Қазақстанда темекі бағасының өсуі тұтынушылардың шығынына әсер етіп отыр.