3 Қараша 2026, 08:15
Фото: depositphotos.com
Қазақстанда телеарналар мен радио жұмысы 14 сағатқа тоқтайды: Себебі белгілі болды
Техникалық жұмыстар бүкіл ел бойынша спутниктік, цифрлық эфирлік және аналогтық телерадио хабарларын тарату желілерін қамтиды.
4 қарашада Қазақстан аумағында телеарналар мен радиостанциялардың хабар таратуы уақытша тоқтатылады. Бұған жоспарлы профилактикалық жұмыстар себеп. Бұл туралы «Қазтелерадио» компаниясы хабарлады.
Техникалық жұмыстар бүкіл ел бойынша спутниктік, цифрлық эфирлік және аналогтық телерадио хабарларын тарату желілерін қамтиды.
Хабар тарату Астана уақытымен сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін тоқтатылады.
Компанияның мәліметінше, профилактикалық жұмыстар телерадио хабарларын тарату желілерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін жүргізіледі.