29 Мамыр 2023 2023, 03:40 Фото: egemen.kz

Қазақстанда тасжол бір жылда 572 шақырымға қысқарған – статистика

Қазақстанда автомобиль жолдарының ұзындығы 572 шақырымға қысқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сәйкес.

Қазақстанда автомобиль жолдарының ұзындығы 572 шақырымға қысқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сәйкес.

2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасындағы автомобиль жолдарының ұзындығы 94 781 шақырымды құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 572 шақырымға аз, - деп жазылған ведомство хабарламасында.

Бюро мәліметінше, халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 26,2%, облыстық – 33,5% және аудандық – 40,1%-ті құрап отыр.

Жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығының 94%-і қатты жабынды жолдар болса, бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 88,9% деңгейінде болды, - деп толықтырды ведомство.

Еліміздегі жолдардың 3,3%-і ғана бірінші санатқа, ал 47,2%-і төртінші санатқа жатады.

Қалаішілік жолдардың ұзындығы 25 139 шақырымды, ауылішілік жолдардың ұзындығы 56 790 шақырымды құрайды.