Бүгiн 2026, 11:44 Фото: pixabay.com

Қазақстанда тағы бір дәріні қолдануға тыйым салынды

Тиісті құжатқа қол қойылды.

Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы 2026 жылғы 23 ақпанда дәрілік затты медициналық қолдануға тыйым салу және айналымнан алу туралы  бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Құжатта:

"Стрептоцид" дәрілік затының, 300 миллиграммдық таблеткалар, 10 таблеткадан контурлы ұяшықты қаптамада, картон қорапқа салынған 5 контурлы ұяшықты қаптамада, "Химфарм" АҚ (Қазақстан) өндірісі, жарамдылық мерзімі 08.2030 жылға дейін, РК-ЛС-5№003366 медициналық қолдануға тыйым салынсын және айналымнан алынсын, - деп көрсетілген.

Комитеттің Фармацевтикалық қызметті жоспардан тыс бақылау басқармасына шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде бұл туралы жазбаша түрде Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымына, "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ-на және "СК-Фармация" ЖШС-не хабарлау тапсырылды.

Дәріні айналымнан алу туралы шешімге 2026 жылғы 18 ақпандағы Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының хаты және 2026 жылғы 13 ақпандағы сынақ хаттамасы негіз болған.

Бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Сонымен қатар бірқатар дәрілік заттардың тіркеу куәліктері кері қайтарылды:

  • Левомицетин (Хлорамфеникол), инъекцияға арналған ерітінді дайындауға арналған ұнтақ, 1 г. Тіркеу куәлігінің иесі – «ПАО Киевмедпрепарат», Украина.
  • "ГЛИТЕЙК (Тейкопланин)" балк-өнімі, көктамырішілік және бұлшықетішілік енгізуге арналған ерітінді дайындауға арналған лиофилизат, еріткішпен (инъекцияға арналған су) бірге, 400 мг. Тіркеу куәлігінің иесі – «ПАО Киевмедпрепарат», Украина.
  • "Нименрикс®" менингококк инфекциясының А, С, W-135, Y серотоптарына қарсы конъюгирленген вакцинасы, инъекцияға арналған лиофилизацияланған ұнтақ, еріткішпен бірге, 0,5 мл/доза. Тіркеу куәлігінің иесі – «Пфайзер Инк», АҚШ.
  • Грасулан, босап шығуы өзгертілген капсулалар, 0,4 мг. Тіркеу куәлігінің иесі – «Гранд Медикал Групп АГ», Швейцария.
  • Лайленон, қабықпен қапталған таблеткалар, 25 мг. Тіркеу куәлігінің иесі – «Гранд Медикал Групп АГ», Швейцария.
  • Лайленон, қабықпен қапталған таблеткалар, 50 мг. Тіркеу куәлігінің иесі – «Гранд Медикал Групп АГ», Швейцария.