Қазақстанда тағы 212 адам коронавирус пен пневмонияға шалдықты

Қазақстанда тағы 202 адамнан коронавирус індеті анықталды, сондай-ақ 10 адам коронавирус белгілері бар пневмонияға шалдықты, деп хабарлайды BAQ.KZ Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

31 желтоқсандағы мәлімет бойынша, қазір ел өңірлерінде коронавирустан 2731 науқас (коронавирус (КВИ+) –2 552, пневмония (КВИ-) – 179) ем қабылдауда. Олардың ішінде 259 пациент стационарда, 2 472-сі амбулаториялық деңгейде емделіп жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 8 адамның жағдайы ауыр,

- 5 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Айта кетейік, 29 желтоқсандағы тәулік ішінде вирус 240 адамнан анықталған еді. Оның ішінде 211 - коронавирус, 29 пневмония жағдайлары.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы