Қазақстанда табылған көне монеталар Сеулде көрсетілді

Қазақстанда табылған көне монеталар Сеулде көрсетілді, деп хабарлады BAQ.KZ.

Хабар24 жазуынша, шара Астана мен Сеул арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығына орай ұйымдастырылды. Монеталардан өзге, көрмеге ұлы Абай ұстаған домбыраның көшірмесі, Алматы тарихынан сыр шертетін фото және бейне құжаттар қойылды.

Біз осында көрме ұйымдастырсақ олар келесі жылы бізге келетін болып уағдаластық. Сондықтан келесі жылы өз елімізде Алматының төрінде күтетін боламыз, бұл өз кезегінде екі елдің арасында қалалар достығымен мемлекеттік достықты арттыра түседі. Тек қана экономикалық емес, мәдени тұрғыда да байланыс орнату, көпірлер салу ойымызда бар, - деді Алматы қалалық мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы