Қазақстанда спортпен 8 млн адам шұғылданады

Мәжілісте туризмді, дене шынықтыру мен спортты мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері талқыланып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев өзі басқарып отырған саладағы статистикалық деректерді айтты.

Министрдің сөзінше, 2023 жылдың қорытындысы бойынша министрлік қызметінің бағыттарында оң динамика байқалған.

Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын адамдар саны 510 мыңнан артып, жалпы саны 8 миллионнан асты. Бұл халықтың 40,4%-на тең. Оның 3 миллионнан астамы ауылдық жерде айналысады, - деп айтты Маржықпаев жиында.

Ведомство басшысы министрлік балаларды спортқа тартуға ерекше назар аударады.

Былтыр 984 мың бала мен жасөспірім спортпен қамтылған, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы