Қазақстанда шиналарды бастапқы комплектацияға жеткізу басталды
Қазақстанның Саран қаласындағы шина зауыты бастапқы комплектацияны жөнелтуге кірісті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Шиналардың 900 дана алғашқы партиясы Қостанайдағы автомобиль зауытына жөнелтілді. Жазғы шиналар енді қазақстандық өндірістегі автомобильдерге орнатылатын болады.
Сонымен қоса шиналар жоғары стандарттары бар зауыттың жеткізіп берушісі болуы үшін қажетті омолагациядан өтіп, олар шина зауытындағы процестер сапасын мен жоғары сапасын айқындады. Зауытта өндірілетін өнімдердің сапасын бақылау 200%-ға жүзеге асырылды – өндірілетін әрбір шина міндетті визуалды және автоматты бақылаудан өтеді. Сапа бақылауынан өтпеген өнім бүйір қабырғасын кесу арқылы кәдеге жаратуға жіберіледі, яғни оның сатуға түсуіне мүмкіндік берілмейді.
16 қыркүйектен бастап зауыттың өнімдері Қазақстанның автомобиль зауыттарына бастапқы комплектация үшін жеткізіле бастады. Бұл шиналардың жоғары өнімділігін және олардың танылуын көрсететін маңызды оқиға. Мұндай қадам өнімнің сапасына деген сенімділікті көрсетеді және және өндірісті дамытуда зауыт үшін жаңа мүмкіндіктерді ашады. Бастапқы комплектацияға жеткізуі Қазақстан автоөнеркәсібінің импортқа тәуелділігін азайтады және өндірісті ауқымды етуге мүмкіндік береді, – деді бас директор Радий Бурганов.