20 Маусым 2024 2024, 12:52
Фото: - архив
Қазақстанда шетелдік университеттердің 8 филиалы ашылады
Биыл Қазақстанда шетелдік университеттердің тағы 8 филиалы ашылады.
Биыл Қазақстанда шетелдік университеттердің тағы 8 филиалы ашылады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ОКҚ-да өткен брифингте айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мемлекет басшысы 2025 жылға қарай елімізде беделді шетелдік университеттердің кемінде 5 филиалын ашуды тапсырған болатын.
Қазіргі таңда 20 жуық мықты шетелдік университет Қазақстанға шақырылды. Биыл жаңа оқу жылында тағы 8 мықты филиал ашылады, - деді министр брифингте.