Қазақстанда шетелдік студенттік ұйымдардың слеті өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауқымды іс-шараны осы жылдың қыркүйек айында  өткізу жоспарланған, деп хабарлады Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметі.

Республикада «Шетелде тұратын және оқитын қазақстандық жастарды жұмылдыру жөніндегі жобаларды іске асыру» жобасы іске асырыла бастады. 

Оның басты мақсаты – шетелде тұратын және оқитын қазақстандық жастар арасында ел тағдырына деген патриоттық сезімді, ұлттық сана-сезімді, бірлік сезімін қалыптастыру.Жобаны іске асыру барысында шетелдік студенттік ұйымдардың слеті өткізіледі деп жоспарлануда.

Қазақстанның студенттері білім алатын көптеген жоғары оқу орындарында қауымдастықтар, студенттік ұйымдар бар. Слет сол студенттердің қатысуымен өтеді. Біз іс-шараны қыркүйек айында онлайн және офлайн форматта өткізуді жоспарлап отырмыз. Слет аясында біз сарапшыларды тарта отырып, тренингтер ұйымдастырамыз. Сондай-ақ, біз оқуын тәмамдағалы жатқан студенттер үшін бос орындар жәрмеңкесін өткіземіз. Жәрмеңкеге шетелдік жоғары оқу орындарының түлектерін жұмысқа қабылдауға дайын қазақстандық үздік компаниялардың, кәсіпорындардың өкілдері шақырылады, - дейді»  «Бірге» ҚҚ басшысы Еркебұлан Күнтуған.

Гранттық жоба ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша 2022 жылдың соңына дейін жүзеге асырылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы