+1

Қазақстанда шетелдік маркетплейстер салық төлемесе бұғатталуы мүмкін

Қазақстанда шетелдік маркетплейстер салық төлемесе бұғатталуы мүмкін

Қазақстанда қосымша құн салығы (ҚҚС) бойынша жаңа талаптар енгізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің депутаттардың сауалына берген жауабында талаптар туралы айтылған.

2022 жылдан бері электрондық саудамен және онлайн қызметтермен айналысатын Apple, Amazon, Alibaba, Netflix, TikTok, Google секілді 105 шетелдік компания ҚҚС төлеуге міндеттелген.

Жаңа Салық кодексінің жобасында шетелдік маркетплейстерге салық салуды реттейтін нормалар қарастырылған. Егер компания Қазақстанда ҚҚС төлеуші ретінде тіркелмесе немесе заңбұзушылықтарды жоймаса, оның сайты бұғатталуы мүмкін, - деп жауап берді Үкімет мүшесі.

Шетелдік маркетплейстер Қазақстан заңнамасына бағынбайтындықтан, оларды отандық өндірушілермен және платформалармен серіктестікке міндеттеу мүмкін емес.

ҚҚС түсімдері:
- 2022 жылы – 10,4 млрд теңге
- 2023 жылы – 24,3 млрд теңге
- 2024 жылы – 35 млрд теңге
- 2025 жылы (1 наурызға дейін) – 13,3 млрд теңге

Сонымен қатар, 200 еуро және 31 кг болатын бажсыз сауда шегі Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімімен бекітілген. Оның өзгеруі немесе алынып тасталуы ЕАЭК деңгейінде қаралады.

Электрондық саудаға бұрын корпоративтік және жеке табыс салығынан босату түрінде қолдау көрсетілді. Бірақ бұл жеңілдіктер 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап тоқтатылды. Жаңа Салық кодексі аясында Е-коммерцияны қолдаудың басқа жолдары қарастырылады, соның ішінде инфрақұрылымды дамыту және интернет қолжетімділігін арттыру мәселелері маңызды рөл атқарады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы