Қазақстанда сейсмолог мамандығы қайта жаңғырады
Алматылықтарды үрейлендірген жерасты дүмпулері бірқатар түйткілді мәселелердің, арнайы мамандардың кәсіби дайындығын көрсетті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Ұлттық сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ғылыми орталығы директоры Дәулет Сәрсенбаев Төтенше жағдайлар департаментінің жер сілкінісіне байланысты брифингінде айтты.
Біз сейсмология мамандығын жаңғыртып жатырмыз. Бүгінде бұл салаға мамандардың қажеттілігі сезіледі. Себебі 2007-2008 жылғы түлектер өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Қазіргі таңда Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің базасында кафедра құруға дайындалып жатырмыз, - деді Дәулет Сәрсенбаев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы