29 Қараша 2026, 14:13 Фото: istockphoto.com

Қазақстанда сайлаушылардың 45,46 пайызы дауыс берді

Сағат 14:00-дегі мәлімет бойынша ең жоғары көрсеткіш Жетісу облысында тіркелсе, Алматы қаласында сайлаушылар белсенділігі төмен болды.

Қазақстанда мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс беру жалғасып жатыр. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сағат 14:00-дегі жағдай бойынша елдегі сайлаушылардың 45,46 пайызы өз таңдауын жасаған.

Өңірлер бойынша дауыс беру көрсеткіші әртүрлі. Ең жоғары белсенділік Жетісу облысында тіркелді. Мұнда сайлаушылардың 58,35 пайызы дауыс берген. Түркістан облысында бұл көрсеткіш 56,91 пайызға, Қызылорда облысында 56,38 пайызға жетті.

Шығыс Қазақстан облысында сайлаушылардың 54,46 пайызы, Ақтөбе облысында 54,17 пайызы дауыс берді. Абай облысында – 51,82%, Алматы облысында – 51,36%, Ақмола облысында – 49,14%, Жамбыл облысында – 48,05%.

Басқа өңірлердегі көрсеткіштер төмендегідей:

  • Атырау облысы – 46,71%;

  • Павлодар облысы – 46,83%;

  • Маңғыстау облысы – 47,51%;

  • Қостанай облысы – 46,21%;

  • Батыс Қазақстан облысы – 46,12%;

  • Қарағанды облысы – 44,76%;

  • Солтүстік Қазақстан облысы – 43,74%;

  • Ұлытау облысы – 43,63%.

Ал республикалық маңызы бар қалалар арасында дауыс беру көрсеткіші Астанада 33,27%, Шымкентте 32,74%, Алматыда 25,72% болды.

Еске салайық, мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы аралас жүйе бойынша өтіп жатыр. Дауыс беру учаскелері сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді.