Қазақстанда самбодан әлем чемпионаты өтеді

Армения астанасы Ереванда өткен Халықаралық самбо федерациясының конгресінде Қазақстанның келесі әлем чемпионатын қабылдайтыны белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан бұған дейін дүниежүзі додасын 2005 жылы қабылдап, бір алтын, үш күміс, сегіз қола жүлдеге ие болған, деп жазды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

Ереванда өтіп жатқан биылғы әлем чемпионатында Ұлттық құрама қоржынына алғашқы медаль түсті.

54 келі салмақтағы Гүлдана Әлмұхамбетова қола жүлде үшін өткен белдесуде былтырғы әлем чемпионы Алена Купаваны (Беларусь) жеңді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы