26 Қазан 2025 2025, 18:52 Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Қазақстанда Республика күні 709 сәби дүниеге келді

Республика күні, 25 қазанда Қазақстанның перзентханаларында 709 нәресте, оның ішінде 359 ұл, 350 қыз дүниеге келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Республика күні, 25 қазанда Қазақстанның перзентханаларында 709 нәресте, оның ішінде 359 ұл, 350 қыз дүниеге келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.

Бір тәуліктік ішінде босандыру ұйымдарындағы медицина қызметкерлері 704 босандыруды жүзеге асырғанын айта кеткен жөн.

Жаңа туған нәрестелердің арасында бес жұп егіз бар, бұл мерекенің тағы бір қуанышты оқиғасы болды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мереке күні перзентханаларда кезекшілік жасап, Қазақстанның жаңа азаматтарын қабылдаған дәрігерлерге, акушерлерге және барлық медицина қызметкерлеріне шын жүректен алғыс білдірді.