Қазақстанда ресми гидтерді қай жерден табуға болады?

2024 жылы 78 қазақстандық гид өздерінің кәсіби дағдыларын сәтті растап, цифрлық тізілімге енді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әрбір гидке ресми мәртебесін растайтын және топтар құрамында 41 туристік нысанға тегін немесе жеңілдікпен кіруге мүмкіндік беретін атаулы бейдждер берілді.

Бейдждер саны бойынша Алматы қаласының гидтері көш басында: 49 адам өз білімдерін дәлелдеуге ниет білдірді.

Елордада бұл саладағы 15 маман тестілеуден сәтті өтсе, Алматы облысында бұл көрсеткіш 7-ге тең.

Шымкент қаласының, Шығыс Қазақстан және Жамбыл өңірлерінің әрқайсысында екі гид, ал Түркістан облысында бір адам цифрлық тізілімге енді.

Әрбір бейдж туристерге гид профилімен танысуға мүмкіндік беретін QR кодпен жабдықталған.

Kazakh Tourism

Гидтер шетелдік туристердің Қазақстан туралы пікірін қалыптастыруда шешуші рөл атқарады. Олардың кәсібилігі - туризм индустриясын дамытудың және қызмет көрсету стандарттарын арттырудың маңызды құрамдас бөлігі. Атаулы бейдж туристерге сапалы қызмет көрсетілетініне сенімділік беретін сенім символына айналады, - деп атап өтті Kazakh Tourism басшысы Қайрат Сәдуақасов.

Жанар Баймульдинова 2019 жылдан бастап Астанада және еліміздің басқа өңірлерінде де экскурсиялар өткізеді. Ол гидтардың кәсібилігі және туристер үшін экскурсия сапасының маңыздылығына назар аударады.

Бейдж иелену - бұл гидтің кәсібилігі мен гид мәртебесін мойындау. Маған бұған дейін жеке нысандар мен қауымдастықтардың құжаттары берілген, бірақ бұл бейдж - басқа деңгей. Өкінішке орай, экскурсиялар дұрыс жүргізілмейтін және туристер қажетті ақпарат пен тәжірибе алмайтын жағдайлар кездеседі. Бұл жобаға көбірек гид қатысып, мәліметтер цифрландырылғанын қалаймын, - деп атап өтті «Баймульдинова» жеке кәсіпкерлігінің директоры Жанар Баймульдинова.

Айта кету керек, цифрлық тізілім 2023 жылдан бастап жүргізіледі. Оған тіркелу үшін өтініш жолдау қажет: https://guides.kazakhstan.travel/

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: pixabay.com
Өзгелердің жаңалығы