Қазақстанда Ресейден әкелінген жалған мемлекеттік нөмірлерді сатқан ұйымдастырушы ұсталды
Жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлерін сатқан заңсыз схеманың ұйымдастырушысы әшкере болды.
Қазақстанда Ресейден әкелінген жалған мемлекеттік нөмірлерді сатқан ұйымдастырушы ұсталды.
Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін (МТНБ) заңсыз дайындау және тарату схемасының жолын кесті.
Алматыда жүйелі түрде жалған мемлекеттік нөмірлерді дайындаумен және сатумен айналысқан заңсыз әрекеттің ұйымдастырушысы ұсталды. Тергеу мәліметтері бойынша, жалған нөмірлер Ресей Федерациясынан экспресс-жеткізу қызметі арқылы жеткізіліп, кейін Қазақстанның түрлі өңірлеріндегі тапсырыс берушілерге жіберіліп отырған. Жедел-іздестіру шаралары барысында жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қылмысқа қатысы бар басқа да тұлғаларды анықтау бойынша ары қарай тергеу және жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде, - деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Бас көлік прокуратурасы жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін пайдалану қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертеді. Мұндай құқық бұзушылықтар жол қозғалысы қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіреді.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Айта кетейік, бұған дейін көлік нөмірлері белгілерін беру ережесі өзгеретіні хабарланды.
Тағы оқи отырыңыз:
Жүргізушілер «әдемі» нөмірлерді үйден шықпай-ақ таңдай алады
- Бұршақ жауады, дауыл болады: 12 қыркүйекке ауа райы болжамы 06:20
- Қырғызстанда оқушылар мен студенттерді театр мен музейге міндеттеу ұсынылды 04:28
- 2026 жылғы Азиадаға қатысатын Қазақстан жеңіл атлеттері белгілі болды 03:35
- Азия ойындарында Елдос Сметов пен Сарвиноз Миркадирова Қазақстан құрамасының туын алып шығады 00:28
- "Қалқаман" метро бекеті қашан ашылады? Алматы әкімдігі жоспарды жариялады 11.09.2026
- Қанат Көпбаев: Көшпенділер ойындарындағы жеңіс – ұлттық спорттың биік деңгейін көрсететін маңызды жетістік 11.09.2026
- Алатау қаласын дамытуға жасанды интеллект қолданылады 11.09.2026