Қазақстанда қылмыстық қудалаудан кімдер қорғалған?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Әділет министрі Қанат Мусин БАҚ өкілдерімен бейресми кездесуінде айтты.
Министр атағандай, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасын тексеруге болады, бірақ заң бойынша қудалауға болмайды.
Білесіз бе, заң тергеуден емес, қылмыстық жазадан қорғайды. Ешкім де тергеуден қорғалмаған. Мен заң бойынша айтып отырмын. Әңгіме қылмыстық жауапкершілік туралы болып отыр, - деді Мусин.
Мусиннің айтуынша,елімізде қылмыстық жауапкершіліктен әртүрлі санаттар қорғалған.
Тұңғыш Президент, шетелдік дипломаттар бар. Бұл дипломаттардың мәртебесіне қатысты Вен конвенциясына сәйкес. Депутаттарда да иммунитет бар. Мысалы, депутаттар палаталардың келісімінсіз әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Егер палаталар келісім берсе, олар жауапкершілікке тартыла береді,-деді министр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы