Қазақстанда құрылыс жүргізудің жаңа стандарттары енгізіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық тәжірибені ескере отырып, қалаларды кешенді салудың жаңа стандарттары енгізілетін болады. Бұл туралы  ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

Стандарт бос учаскелерде жаңа құрылыс салуды қалыптастыру, қалыптасқан құрылысты қайта құру және қала аумағын абаттандыру мәселелерін қамтиды.

Құрылыс процесі функционалдық әртүрлілік, құрылыс тығыздығы, орын ауыстыру жайлылығы, тұрғын үйдің азаматтардың қажеттіліктеріне сәйкестігі, сондай-ақ тұрғындардың қауіпсіздігі мен денсаулығы қағидаттарын ескере отырып жүзеге асырылатын болады. Бас жоспарлар мен егжей-тегжейлі жоспарлауды сапалы әзірлеу мен іске асыруды қамтамасыз ету үшін барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларына бірыңғай қала құрылысы сараптамасын енгізу жоспарлануда, – делінген ведомство хабарламасында.

Бірыңғай қала құрылысы сараптамасын енгізу сапалы жоспарлауды, бастапқы материалдарды кешенді тексеруді, қала жобаларын әзірлеу және келісу талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді деп күтілуде.

2021 жылы Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Адамдар – инфрақұрылымға» қағидатын сақтай отырып, агломерацияларды дамыту туралы Заң және кешенді қала құрылысының жаңа стандарттарын әзірлеуді тапсырған болатын. Бұл, ең алдымен, қала құрылысына, қала құрылысы сараптамасы институтына, құрылыс саласында online-есепке алу мен тіркеуге жаңа стандарттарды енгізу, – деп атап өтті ҚР ИИДМ баспасөз қызметінде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы