21 Тамыз 2026, 14:09 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артём Чурсинов

Қазақстанда «Құрылтай» есімді 10 адам бар

"Құрылтай" есімді азаматтардың ең көбі Шығыс Қазақстанда тұрады.

Елімізде «Құрылтай» есімі мен оның әртүрлі нұсқалары өте сирек кездеседі. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылғы тамыздағы жағдай бойынша елде бұл есімді иеленген 10 азамат тіркелген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Олардың ішінде 6-ы – ер адам, 4-і – әйел. Бұл азаматтар «Құрылтай», «Кұрылтай», «Курултай» және «Курлтай» деген нұсқалар бойынша тіркелген.

Статистикалық деректерге сүйенсек, бұл есімді арқалағандардың ең көбі Шығыс Қазақстан облысында тұрады – 4 адам. Алматы қаласында 2 адам тіркелген болса, Абай, Жамбыл, Қарағанды және Маңғыстау облыстарында бір-бір азаматтан бар.

Сонымен қатар есім иелерінің жас ерекшелігі де әртүрлі:

  • 10 адамның бесеуі 65 жастан асқан. Олардың арасындағы ең үлкені – 80 жаста;
  • Қалған азаматтар 30-34, 50-54, 55-59 және 60-64 жас аралығындағы топтарға жатады.