Қазақстанда қазақ тілінде сөйлеуге мәжбүрлейтіні рас па?

TikTok әлеуметтік желісінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайда қазақ тілі туралы айтқан сөзіне қатысты жалған ақпарат таралып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

Онда Тоқаевтың сөзін бұрмалап, «Қазақстанда барлығы тек қазақ тілінде ғана сөйлеуі керек, орыстар да оны міндетті түрде үйренуге тиіс» делінген.

Кеше, 15 наурызда Атырауда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысын өткізді.

Құрылтайда Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйледі.

«Елімізде қазақ тіліне деген сұраныс жыл өткен сайын артып келеді. Қазақ тілі бизнестің, ғылым мен техниканың тіліне айнала бастады. Бұл үрдісті одан әрі дамытудың ең тиімді әрі төте жолы – ағартушылық. Қазір ірі кітап дүкендерінде қазақ тіліндегі туындылардың үлесі арта түсті. Соңғы кезде баспагерлердің жаңа буыны әлемдік бестселлерге айналған шығармаларды аударып жүр. Көптеген кітаптарды шығарып жатыр. Аударылған кітаптардың ішінде көркем әдебиет қана емес, іскерлік бағыттағы туындылар да көп. Мемлекеттік саясаттың мәні – осында. Ешкімді мәжбүрлемей, күнделікті өмірдегі қажеттілікті арттыру арқылы тіліміздің тұғырын нығайта береміз. Мемлекеттік тілге қатысты құр сөзден ештеңе шықпайды. Ең бастысы, нақты іс болуы керек», - деген болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Stopfake.kz
Өзгелердің жаңалығы