11 Қыркүйек 2025 2025, 19:02 Фото: palladi.ru

Қазақстанда қай қалаларда азық-түлік қымбат?

Қазақстанда әлеуметтік маңызды өнімдердің бағасы өсіп келеді. Бірақ әр өңірде баға әртүрлі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстанда әлеуметтік маңызды өнімдердің бағасы өсіп келеді. Бірақ әр өңірде баға әртүрлі. Соңғы бір жылда ел бойынша азық-түлік орташа есеппен 9,7%-ға қымбаттаған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, соңғы бір жылда азық-түлік орташа есеппен 9,7%-ға қымбаттаған. Ал кейбір қалаларда өсім екі есе жоғары болды. Кейбір қалалар бірнеше өнім бойынша бірден рекорд жаңартты.

Жезқазған – күнбағыс майы мен қырыққабат бағасы бойынша бірінші орында. Майдың литрі 928 теңге, бір жылда 41% қымбаттаған. Қырыққабат 234 теңге/кг, өсімі 34,5%. Елдегі орташа баға – 163 теңге.

Алматы – тұз бен нан бағасының ең жоғары өсімі бар қала. Тұздың килограммы 109 теңге (ел бойынша 84 теңге), бір жылда 36,3% қымбаттаған. Арнайы әлеуметтік нан Алматыда 56% қымбаттап, килограммы 273 теңге, яғни жарты нан шамамен 135 теңге.

Семей – пияз ең қымбат қала. Бір килограмм пияз 186 теңге, бір жылда 40,9% өскен (ел бойынша орташа баға 141 теңге).

Көкшетау – сиыр еті бағасы бойынша көшбасшы. Жауырын мен төс бөлігінің килограммы 3 469 теңге, ел бойынша орташа баға 3 176 теңге. Бір жылда 29,1% қымбаттаған.

Барлық өнімдер қымбаттаған жоқ, кейбір тауарлар арзандаған. Бірақ жалпы баға өсу тенденциясы сақталып отыр, әсіресе экономикалық белсенді қалаларда.