Бүгiн 2026, 09:49 Фото: ©BAQ.KZ коллажы

Қазақстанда қай мамандықты әйелдер көп таңдаған? – Жаңа деректер

Еліміздегі әйелдер қатары көп мамандықты білесіз бе?

Қазақстанда педагогтердің 81,9% әйелдер екені анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, Қазақстанның білім беру саласында 492 938 педагог-әйел жұмыс істейді.

Олардың ішінде:

- 101 789 - мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында;

- 342 352 - орта білім беру ұйымдарында;

- 2 382 - түзету-білім беру ұйымдарында;

- 13 239 - қосымша білім беру ұйымдарында;

- 29 117 - техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында;

- 4 059 - арнайы білім беру ұйымдарында.