3 Қараша 2026, 09:33 Фото: pexels.com

Қазақстанда қар жауып, үсік жүреді: Синоптиктер бірнеше өңірге ескерту жасады

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы күрт құбылады. Кей жерлерде қалың қар жауып, температура төмендейді. Қай аймақтарда сақ болған жөн?

3 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Алайда солтүстік, шығыс өңірлерде және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар жауады. Бұл туралы «Қазгидромет» мәліметіне сүйене отырып, BAQ.KZ хабарлайды.

Синоптиктердің болжамынша, түнде еліміздің шығысындағы таулы аудандарда қалың қар жаууы ықтимал. Сонымен қатар республиканың солтүстігі мен оңтүстік-шығысында жел күшейеді.

Ел аумағының кей жерлерінде түнгі және таңғы уақытта тұман түседі. Ал Алматы, Қызылорда облыстарында және Жетісу облысында ауа температурасы -1…-7 градусқа дейін төмендеп, үсік жүруі мүмкін.

Ірі қалалардағы ауа райы

Астанада бүгін құбылмалы бұлтты ауа райы болжанады. Жауын-шашын болмайды. Желдің жылдамдығы секундына 2-7 метрді құрайды. Ауа температурасы түнде -2…-4 градус, күндіз +5…+7 градус болады.

Алматыда да жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Жел 3-8 м/с жылдамдықпен соғады. Қалада түнде ауа температурасы +3…+5 градус, күндіз +16…+18 градусқа дейін көтеріледі.

ТЖМ тұрғындарға ескерту жасады

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды жолға шығар алдында ауа райы болжамын ескеруге шақырды.

Ведомство өкілдері жүргізушілерге жол қозғалысы жылдамдығын сақтап, тұман кезінде аса мұқият болуды ескертті. Сондай-ақ ауа райының өзгеруіне назар аударып, жолдағы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігін айтты.

Тағы оқи отырыңыз: Қар мен жаңбыр: Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды