Қазақстанда қант тапшылығы жоқ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Республикада қант қоры шамамен 67 мың тоннаны құрайды. Қант өндірісі үздіксіз жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды АШМ баспасөз қызметі.

Қазақстанның тұрақтандыру қорлары, сауда нысандары мен республиканың қоймаларындағы қант қоры шамамен 31 мың тоннаны құрайды. Бұдан бөлек, зауыттарда өңдеуге арналған 36 мың тонна құрғақ қант шикізаты бар. Жолда қосымша 16 мың тонна қант шикізаты бар.

Қант зауыттарындағы өнім өндірісі үздіксіз жүріп жатыр. Ішкі нарыққа қант жеткізуді «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ жүзеге асырады. 

Бағаларды тұрақтандыру үшін зауыттар өңірлердің тұрақтандыру қорларына, сауда желілеріне және жеткізушілерге тиеуді, құрамында қант бар өнімдерді өндірушілерге олардың өтінімдеріне сәйкес жеткізуді жүзеге асырады.

Биыл мамыр айында барлығы 30 мың тоннадан астам жүк тиелді, маусым айында 44,8 мың тонна қант жөнелту жоспарланып отыр. 

Ауыл шаруашылығы министрлігі өнімді өңірлерге жедел жеткізу үшін мүдделі тараптармен бірлесіп, Қазақстан аумағы бойынша темір жол көлігімен жүктерді (ақ қант, құрақ қант шикізаты) кедергісіз өткізу мәселесін пысықтап жатыр. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы