Қазақстанда қант диабетіне міндетті скрининг енгізіледі

Қазақстанда 2026 жылдан бастап халықтың мақсатты тобы үшін қант диабетіне міндетті скрининг енгізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директоры Гүлнәр Сәрсенбаева Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Айтуынша, бұл қазақстандықтар арасындағы преддиабет мен қант диабетін ерте мерзімде анықтауға бағытталған.

Тиісті заңнамаға өзгерістер 2026 жылдан бастап күшіне енеді. Скрининг тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында өткізіледі. Азматтарға тексеруден өту құқығы беріледі. Егер "преддиебат" немесе "қант диабеті" диагнозы қойылса, пациент динамикалық бақылауға алынады. Оған қажетті түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, - деді ведомство өкілі.

Сонымен қоса қант диабеті секілді аурулар адамның өмір сүру салты мен тамақтану әдеттеріне тікелей байланысты екендігін алға тартты. Сондықтан халықтың сақтандырылған мәртебесінің болуы – негізгі талап болады.

Сақтандырылған мәртебесі болған жағдайда пациент емдеу, тексеру мен дәрімен қамтамасыз етуді қосқанда, бүкіл медициналық көмекке қол жеткізеді. Егер сақтандырылған мәртебесі болмаса, адам оны қалуы қажет. Себебі ол арқылы емге толықтай көлемде қол жеткізе алады, - деп түсіндірді Гүлнәр Сәрсенбаева.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы