Қазақстанда қанша заңды тұлға бар?

2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елімізде 536 241 заңды тұлға тіркелген, оның 426 096-сы жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық статистика бюросының мәлімдеуінше, Жыл сайын тіркелетін заңды тұлғалар саны орта есеппен 4,5% өсіп келеді.

Соңғы он жылда (2015-тен 2024 жылға дейін) олардың саны 360 287-ден 536 241-ге дейін артқан (+48,8%).

Негізгі өсім шағын заңды тұлғалар есебінен болған, олардың саны жыл жылға тұрақты түрде орта есеппен 4,6% өсіп отырған.

Оларға қарағанда орта және ірі заңды тұлғалар динамикасы тұрақсыз болған.

Заңды тұлғалар санының жыл сайынғы өсуі аясында соңғы он жыл ішінде орта және ірі кәсіпорындар саны 2016, 2017 және 2019 жылдары болмашы кеміп отырған (тиісінше 1,3%, 1,4% және 3,1%).

Ең көп тіркелген заңды тұлғалардың жасы 11-15 жас аралығында – 67 201 бірлік, 25 жыл бұрын тіркелген заңды тұлғалардың үлесі 5% немесе 27 170 бірлік, бір жылдан кемдері – 8% немесе 41 316 бірлік.

Тіркелген заңды тұлғалардың ең көп саны ірі қалаларда шоғырланған.

Мәселен, Алматыда 151 787 заңды тұлға тіркелген, бұл жалпы санның 28,3%, Астанада – 103 572 (19,3%), Шымкентте – 29 457 (5,5%).

Заңды тұлғалардың ең аз саны Ұлытау (0,5%), Жетісу (1,6%) және Абай (1,6%) облыстарында тіркелген.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген заңды тұлғалардың 50,6% астамы "Көтерме және бөлшек сауда" (27,3%), «Құрылыс» (13,3%) және "Өзге де қызмет түрлерін ұсыну" (10%) салаларында байқалған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ Ұлттық статистика бюросы
Өзгелердің жаңалығы