Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады
Елімізде қанша ұлт өкілдері тұрады? Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі статистикалық дерек жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бюроның мәліметінше, бүгінгі күні Қазақстан халқының саны 19 808 430 адам.
Оның ішінде 70,6% қазақтар, орыс халқының үлесі 15,1%, өзбектер – 3,2%, украиндар – 1,9%, ұйғырлар – 1,5%, немістер – 1,1%, татарлар – 1,1%, әзербайжандар – 0,7%, корейлер – 0,6% және басқа ұлттар. Қазақтардың ең көп саны Түркістан облысында – 1,5 миллион, орыстардың көпшілігі Алматыда – 428 мың, Түркістан облысындағы өзбектер – 378 мың адам, украиндар Қостанай облысында – 86 мың, 297 мың ұйғырлардың көпшілігі Алматы облысында – 120 мың адам тұрады, - делінген бюро таратқан ақпаратта.
Елімізде гагауздар, лезгиндер, құмықтар, аварлар сияқты этностардың өкілдері де бар. Қазақстанда бір шаңырақ астында барлығы 124 ұлттың өкілдері тұрады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жетісуда алаяқтар азаяр емес
Өзгелердің жаңалығы