Қазақстанда қанша тауар биржасы бар?

2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 8 тауар биржасы жұмыс істеген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Олардың басым бөлігі елордада тіркелген – 3 бірлік.

Алматы мен Шымкентте әрқайсында 2 биржа жұмыс істейді, ал Батыс Қазақстан облысында бір биржа бар.

2023 жылмен салыстырғанда биржалардың жалпы саны 2 бірлікке кеміген.

Өткен жылы елдегі жалпы биржадағы сауда көлемі 19 739 бірлікті құрады, бұл бір жыл бұрынғы жылмен салыстырғанда 37% аз.

2024 жылы тауар биржаларына 336 мүше тіркелген, ал жасалған биржалық мәмілелердің саны 29 866 бірлікке жеткен.

Негізгі сауда жасалған тауарлар - минералды өнімдер, ондағы мәмілелер саны - 11 553 бірлік.

Екінші орында – әртүрлі өнеркәсіптік тауарлар (8 770 бірлік), үшінші орында – портландцемент, балшықты-топырақты цемент және басқа да цемент түрлері, олардың сауда көлемі 6 495 бірлікті құрады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: pixabay.com
Өзгелердің жаңалығы