4 Қазан 2025 2025, 14:19 Фото: архив-

Қазақстанда қанша педагог бар?

Қазақстанның барлық білім беру ұйымдарында 600 мыңға жуық педагог жұмыс істейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстанның барлық білім беру ұйымдарында 600 мыңға жуық педагог жұмыс істейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Оның ішінде 400 000-нан астам педагог мектептерде, 42 000-нан астам педагог техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім береді. 

Мектепке дейінгі ұйымдарда 102 000-нан астам тәрбиеші жұмыс істейді.

Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы Ұстаздар күнімен құттықтап, бір топ ұстазды марапаттады.