Қазақстанда қанша миссионер бары белгілі болды

Елімізде қанша миссионер миссиясын орындап жатқаны белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мұндай ақпаратты ІІМ басшысы Марат Ахметжанов Мәжілісте заңды талқылау кезінде айтты.

Бүгінде Қазақстанда 232 миссионер миссиясын орындап жатыр. Әрине, аталған келісім ратификацияланса, олардың мәртебесі өзгереді. Олардың басым бөлігі 90 күннен кейін визасыз создыруға мәжбүр. Осы келісімнен кейін олар Қазақстанда тұратынын куәландыратын құжатты беріледі, - деп айтты Марат Ахметжанов.

Бұған дейін министр Мәжіліс «1998 жылғы 24 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы мен Қасиетті Тақ арасындағы Өзара қатынастар туралы келісімге Қосымша келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын таныстырған болатын.

Мәжіліс заң жобасын мақұлдады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Өзгелердің жаңалығы